Тегін жатақхана және 4 мезгіл ас
Жаңа білім беру ұйымының концепциясы Абай философиясына, оның ішінде «бес асыл іс» идеясына негізделген. Білім ордасы ұлы Абайдың «Толық адам» іліміне орай ұлтқа қызмет ететін азаматтардың жаңа буынын тәрбиелеуді көздейді. Мемлекет басшысы ұсынған «Адал азамат» тұжырымдамасын іске асыруға жол ашады.
«ABAI ULTTYQ МЕКТЕВІ»-нің құрылуы – отандық білім беруді дамытудағы ең маңызды стратегиялық қадамдардың бірі, ол өзінің шыққан тегін жақсы білетін, бірнеше тілді меңгерген және жаһандық сын-қатерлерге төтеп бере алатын зиялылардың жаңа буынын тәрбиелеуге бағытталады.
Білім ордасы 1957 жылы республика көлемінде ауыл балаларына арналған мектеп-интернат болып ашылды.
Бұдан соң Ы.Алтынсарин атындағы Педагогикалық ғылыми-зерттеулер институтының эксперименттік базасы ретінде 1988 жылдың тамызына дейін жұмыс істеді.
1988-1989 оқу жылынан бастап қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернат ретінде жұмысын жалғастырды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қазанда қабылдаған №1754 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» қаулысына сай қайта құрылып, 2003 жылғы 1 тамыздағы №774 қаулысының негізінде «Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» болып атауы өзгертілді.
2020 жылдан гуманитарлық бағыттағы Абай мектептері желісінің ресурстық орталығы ретінде қызмет етті.
2025 жылы бұрынғы Абай атындағы республикалық мамандандырылған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат жаңа атауымен қайта жаңғыртылды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған ABAI ULTTYQ МЕКТЕВІ пайдалануға берілді. Мектеп 900 оқушыға арналған және мұнда балаларға арналған интернат, оқытушылар үйі, кітапхана, спорт кешені бой көтерді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырындағы №480 қаулысымен Абай есімі беріліп, «Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернаты» мемлекеттік мекемесі болды.
Дарынды балаларды дамытуға және халықаралық деңгейде білім алуға мүмкіндік жасалған. Қауіпсіз орта, жайлы жатақхана және ата-аналармен ашық байланыс қамтамасыз етілген.
Абай Ұлттық мектебі ұлттық құндылықтар мен заманауи білімді ұштастыра отырып оқытады. Мектепте жоғары білікті ұстаздар мен заманауи оқу инфрақұрылымы бар.
Мемлекеттік қызмет
Дархан Қыдырәлі
Айдос Үкібай
Нұрділда Ораз
БАҚ
Гүлмира Нәлібай
Мейрамгүл Мәдәлі
Ерболат Мұхамеджан
Нұрлан Оқаұлы
Саламат Омаш
Ришат Асқарбекұлы
Ғылым
Марат Құлбеков
Нұрлан Қанағатов
Ертай Сұлтан
Ақтолқын Құлсариева
Нұрбосын Жанпейісов
Мәдениет
Нұрлан Албан
Серік Қалиев
«ABAI ULTTYQ МЕКТЕВІ»-інен елімізге еңбек сіңірген танымал тұлғалар тәмәмдаған, солардың ішінде, мәдениет саласы, лауазымды мемлекеттік қызметтерде, ғылым мен БАҚ өкілдері де бар.
Композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Парасат, Құрмет ордендерінің иегері.
Кәсіпкер, меценат,«TAS GROUP» компаниялар тобының негізін қалаушы, Алматы қалалық маслихаты депутаты.
Журналист, тележүргізуші және қоғам белсендісі, әлеуметтік және қоғамдық-саяси тақырыптарды көтеруімен танымал.
Әнші, термеші, домбырашы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік "Дарын" сыйлығының лауреаты, сазгер.
Кеңес Дүйсекеев
Дулат Тастекей
Гүлмира Әбіқай
Тоқтар Серіков